Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейсен Құранбектің достары оның құрметіне кітап жазып шығарды (фото)

Опубликовано:

Ауыр дертпен ұзақ уақыт күресіп, мамыр айында дүниеден озған Бейсен Құранбектің жора-жолдастары мен журналистикадағы әріптестері оған арнап кітап жазып шығарды. Мың данамен шығарылған "Біздің Бейсен" атты туындыға 170 естелік пен 90-ға тарта арнау өлең сыйған. Марқұм тележүргізушіні жақсы білген жандар оған деген қимастығын білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/roza_alqozha. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/roza_alqozha. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бейсен Құранбектің құрметіне кітап жазылып, баспаханадан шыққанын әнші Роза Әлқожаның парақшасынан белгілі болды. Ол Instagram желісінде аталмыш кітаптың суретін жариялап, оған қатысты тың мәліметпен бөліскен.

Бейсен Құранбекке арналған кітапта Елбасы мен президенттің көңіл айтуынан бастап, ел ағаларының естелігі, замандастарының толғаныстары,қарапайым көрермендердің ықыласы топтастырылды.

Айта кетейік, кітап «Ел-шежіре» баспасынан 1000 данамен шыққан. Баспаның басшысы Дәулет Әшімхан жартысын тегін шығарып, үлкен азаматтық танытқан. Оған қоса, кітап мұқабасының дизайнын оның қызы Іңкәр жасаған болып шықты.

"Есболат Айдабосын: Бейсекең кеткелі жазылған әрбір жазбаны алуға тырыстық. Барлығы 170 тей естелік пен 90 ға тарта арнау өлеңі бізге жеткен екен, алаламай, көркемдік қуатын сараламай түгел енгіздік. Секең, Досекең үшеуміз отырып "кітап құрастырамыз" деп шешім қабылдап, іске кіріскенде көп адам тілеулес болды, бір жағымыздан шығысып жәрдемдесті. Солардың бәріне Бейсен Құранбектің отбасы атынан, бауырлары атынан, дос-жаран, әріптестері атынан алғыс айтамыз!
Редакторлық, корректорлық сүзгіден өткізуге атсалысқан Зәуреш Карбозқызы мен Жұлдыз Әбділдәға, кітапты безендірген Жәмила Айдосқызына да мың алғыс! Аман болыңыздар! Құдай жолдарыңызды оңғарсын! Айтпақшы кітап мұқабасының дизайнын Бейсекеңнің қызы Іңкәр жасады" , - деп жазылған хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862929-bejsen-kranbekti-dostary-ony-krmetine-kitap-zazyp-sygardy-foto/

pixel