Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауыруға уақыт жоқ": Вирус жұқтырған Бекшин жұмыс істей беретінін мәлімдеді

Опубликовано:

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус жұқтырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жандарбек Бекшин коронавирус жұқтырды
Жандарбек Бекшин. Фото: Хабар 24: Depositphotos
"Мен ауырып қалдым, бірақ өзімді қалыпты сезінемін. Симптомдар жоқ. Бұл COVID-19, бірақ симптомсыз формасы. Үйден жұмыс істеуді жалғастыра беремін, себебі ауыруға уақыт жоқ",- деді Бекшин.

Айта кетейік, осыған дейін елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан, Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыровтан, президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиден, мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханнан, Теміртау әкімі Ғалым Әшімовтен, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Ораловтан, бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтан, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Аукеновтен, Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтан коронавирус анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862937-zandarbek-beksinni-de-koronavirus-zktyrgany-anyktaldy/

pixel