Выйти
RU

"Таратып отырған жоқпын": Меруерт Түсіпбаева не үшін ақша жинап жатыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақ эстрадасының жұлдызы Меруерт Түсіпбаева осыдан бір апта бұрын он жылға сотталған Әліби Өтепберген үшін халықтан ақша жинауды бастаған болатын. Алайда, көпшілік үкімі өзгеріссіз қалған жігітке не себепті қаржы жинап жатқанын түсіне алмаған. Әнші оны не үшін істеп жүргенін еш бүкпесіз айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Меруерт Түсіпбаева тағдыр тәлкегіне тап болған балаға белсенді түрде араша түсіп жатқан өнер иелерінің бірі болып табылады. Ол әділеттік жолында лагерь тәрбиешісінің ақыр-соңы ақталып шығатынына кәміл сенімді.

Өнер иесі желіде жиналып жатқан қаржыны Әлібидің адвокаттарына беруге ниетті. Олар өз кезегінде тиісті деңгейде жас жігіттің құқығын қорғайтын болады.

"Ақылды болсаңыздаршы! Менен ақша сұрауды доғармасаңыздар, блокка кетесіздер! Жеке банкым жоқ, қайырымдылық қорым жоқ! Бай болсам- қолдайтын достарыммен баймын! Қазақтың астарлы сөздерін - тура қабылдамаңыздар! Еріккеннен емес жаным ашығандықтан, ешкімге зияны тимесе де, 10 жылға бас бостандығынан айырылып, зар илеген,бір қазақтың өнерлі баласының тағдыры үшін күресуге тырысып отырмын!
Бір Алла өзі жар болсын! Менде блокта 150 мыңға жуық адам тұр! Маған оқырманның саны емес, сапасы қажет! Менен жекеге шығып, ақша сұрауды доғарыңыздар! Енді жазсаңыздар- хаттарыңызды, аты- жөндеріңізді жария етуге мәжбүрмін! Өтінемін " , - деп жазды Түсіпбаева Instagram парақшасында.

Тағы да оқыңыздар

"Жалғыз қалдым": Отандық блогер ару сәтсіз некесі туралы бар шындықты айтты

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Таратып отырған жоқпын": Меруерт Түсіпбаева не үшін ақша жинап жатыр