Выйти
RU

Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды дәріханаларында парацетамол пайда болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Парацетамол Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды дәріханаларында пайда болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Парацетамол Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды дәріханаларында пайда болды

Көрнекі фото: Pexels

Вице-министр бұл жайлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг кезінде мәлімдеді.

Оның айтуынша, дәрі осы аптаның соңына дейін Қазақстанның басқа аймақтарында пайда болады.

Сондай-ақ, Бұйрабекова министрлік бағаның шегін орнатқанын және оны департаменттің сайтында табуға болатындығын айтты. Сонымен қатар, вице-министр басқа дәрі-дәрмектердің жағдайы туралы да сөз қылды.

Еске сала кетсек, соңғы бірнеше күн ішінде алматылықтар мегаполистегі дәріханалардан парацетамол мен термометрлер жоғалып кетті деп шағымданған. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұлттық сараптама орталығының жетекшісі Арнұр Нұртаев жағдайды түсіндірген болатын.

Оған қоса, денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының басшысы Жазира Ембердиева коронавирус инфекциясынан үйде қалай емдеулуге болатынын айтып берген болатын.

Сондай-ақ, дәрі тапшылығы байланысты көптеген халық дене қызуын қайтарудың түрлі амалдарын қарастырып әлек. Осыған орай, тәжірибелі терапевт дәрігер Рысгүл Пернебекова қазақстандықтарға кеңес берген еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды дәріханаларында парацетамол пайда болды