Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менің қалауым емес": Танымал блогер хиджабын не себепті шешкенін айтты

Опубликовано:

Желіде ән айтып танылған Арай есімді ару не себепті тұрмысқа шыққан соң, хиджабын шешіп тастағанын айтты. Бойжеткеннің айтуынша, мұсылман киімін шешу өзінің қалауы емес. Қалыңдықтың оранып жүруіне қайын жұрты қарсы болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/dearaikaa. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/dearaikaa. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Ақсұңқар есімді әнші жігіттің жары атанған ару хиджабты шешу өзіне оңай берілмегенін айтты. Алайда, жаңа отбасы оны мұндай образда мүлдем қабылдай алмаған. Сол себепті, ата-енесінің разылығын алу үшін бойжеткен хиджабын шешуді ұйғарған.

Арай өзіне жаудырылған сансыз сыни пікірлер мен толассыз сұрақтарға жауап беріп, жағдайдың мән-жайын Instagram парақшасында түсіндірді.

"Сөзімді "бисмилля́хи-р-рахма́ни-р-рахи́м" деп бастайын! Ал құрметті менің оқырмандарым: менің хиджаб тағып, бүгін "беташар күні" шешілгеніне бәріңіз түсінбей қалған шығарсыздар?! Бірден ойларыңызға "мына қыз не істеп жүр?! ойыншық па бұл қызға хиджаб?!" деген ой барын білемін, бірақ мен әрине әрі қарай да хиджабыммен жүргім келеді. Мен бәрін түсінемін. "Өнер жолын тастаймын" деп осы қадамға барғам, бірақ айтпасқа болмады.

Сіздерге жауап бере кетейін: Хиджаб шешу - бұл менің қалауым емес! Мен Шымкентке бүгін ғана келін болып түстім, ал менің қайын жұртым мені хиджабпен қабылдай алмады: "Бұлай болмайды! Біз қазақпыз" және "енді сен келінсің!" және "өз ұлтымыздың сонау ғасырлар бойы келе жатқан дәстүрімізді сен білесін!" деп ескерту жасады. Шымкентте өте қатты сақталған, ал мен өзімнің күйеуімнің, ата-анамның және де екінші анамның разылығын алмай бір беткейленіп жүре алмадым.

Анау жақтан ата-анам қарсы болып, разылығын алмасам мен шыны керек жүре алмайды екем. Күнде "қызым-ау неге бұлай істедің?!". Мен ол кісілерді дін жағынан хабары жоқ деп айтып жатқан жоқпын! Әрине ол кісілер де бәрін біледі, бірақ бұл орануды ол кісілер мүлдем түсінбеді. Дәл солай менің екінші анам да бұл нәрсені қабылдай алмады. Енді менің басымда келіндік орамал! "Мен енді келінмін" қайталап айтам мен бәрінің разылығын алып 5 уақыт намазымды оқып жүремін!

Өтінемін, мені жазғырмаңыздаршы! Маған жаман сөз жазып: "сен үлкен күнә жасадың!" деп немесе "сен енді тозақтықсың" деген әңгімені жазбаңыздаршы! Менде адаммын ғой! Менде жүрек бар. Енді мені түсінесіздер деп ойлаймын! Анығын Алла біледі! Мен қанша тырысып бақсам да мені түсінетіндер өте аз болды. Алда барлығымен бөлісіп жүремін! Егер осы хиджаб туралы бір нәрсе жазғыларыңыз келсе, ескертулер жасағыларыңыз келсе комментарийға емес, маған жазыңыздаршы" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862953-meni-kalauym-emes-tanymal-bloger-hidzabyn-ne-sebepti-seskenin-ajtty/

pixel