2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Коронавирус жұқтырған журналист қалай емделіп жатқанын көрсетті (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздегі ірі ақпарат агенттігінің журналисті коронавирус және өкпенің екіжақты пневмониясымен Алматы қаласындағы Фтизопульминология орталығында емделіп жатыр. Ол қауіпті дертпен қалай ауырып жатқанын, алғашқы симптомдары қалай басталғанын, ауруханада COVID-19 жұқтырған науқастарды қалай емдейтінін оқырмандарға айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Azattyq Ruhy басылымына сілтеме жасап.

Фото: azattyq-ruhy.kz

Фото: azattyq-ruhy.kz

Коронавирус инфекцияларының алғашқы белгілерінің бірі дене қызуының 37-38 градусқа дейін көтерілуі. Алайда журналист ауырған уақыт аралығында дене температурасы керісінше 34-35,5 градусқа дейін түсіп кеткенін айтты.

"Ең алғаш қатты басым ауырып, жатып қалдым. Бірақ біраз тыныққаннан кейін, қайта тұрып кеттім. Қандай сұйықтық ішсем де, денемнен тер шөміштеп құйылды. Бұлшық еттерім ауырды. Үшінші-төртінші күні иіс пен дәм сезуім жоғалып кетті. Бастапқы 1 аптадағы белгілері осылай болды", - деді ол.

Содан бірден "Олимп орталығына ПТР тест тапсыруға барған екен. Тест нәтижесін 4 күннен кейін алыпты.

"Таңертең электронды поштама келген тест нәтижесін көре салысымен, дереу өзім тіркелген №29 қалалық поликлиникаға хабарластым. Бірақ ондағы дәрігерлер менің үй жағдайында, ешқандай дәрі қабылдамай жатуым керек екенін айтты", - деді журналист.

Тағы да оқыңыздар

"Дәрігерлер үлгермей жатыр": Нұр-Сұлтанда науқастар өз-өздерін емдей бастады

Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, коронавируспен ауырғаны туралы тест нәтижесін алған науқас бірден учаскелік дәрігерге хабарласып, жағдайын айтуы тиіс.

"Мен де тест нәтижесін біле салысымен, учаскелік дәрігерге қоңырау соқтым.  Бірақ олардан "ештеңе ішпей, үйде жата беріңіз" дегеннен басқа жауап естімедім. Бәлкім, жоғары температура, жөтел болмағаннан кейін, ағза өзі күрессін деген болар.

23-ші маусым күні мен өз еркіммен рентгенге жазылып, өкпемді түсірдім. Осы кезде дәрігерлер маған екіжақты пневмония диагнозын қойды. Ешқандай жөтел, температура жоқ. Бірақ екіжақты пневмония бар. Демек, бұл вирус әркімге әрқалай әсер етеді.

Егер, мен учаскелік дәрігерімді тыңдап, ештеңе ішпей, рентгенге түспей, үйде жата берсем, бәлкім, осы уақытқа дейін өкпем күйіп кетер ме еді?!

Дәрігерлердің қазіргі кезде үлгере алмай жатқанын ескеріп, қанша түсіністік танытқым келгенімен, учаскелік дәрігерлер  пневмония екенімді көріп тұрып, ешқандай ем шара нұсқаулығын берместен, қайтадан үйге қайтарды.

Екі тәулік №29 қалалық поликлиникаға хабарласып, пневмонияға қандай дәрі ішіп, қандай дәрі егуім қажет екенін сұрадым. Өкінішке қарай, ешқандай кері байланыс болмады. Жеке меншік клиникалардағы пульмонологтарға шілденің ортасына дейін науқастар жазылып қойған. Алматы бойынша пульмонологтың қабылдауына жазылу мүмкін болмады.

Тағы да оқыңыздар

"Резервтер таусылуға жақын": Алматыда демалыс күндері неге карантин күшейтілді

  • 24-ші маусым, яғни, мен ауырған 10-шы күні сол жақ иығым мен аяғым ұйып қалды. Дем алуым да ауырлай түсті. Осы кезде учаскелік дәрігерлерден еш қайран болмайтынын түсініп, жедел жәрдем шақырдым.
Сол себепті, мүмкіндік болса бірден өкпеңізді рентгенге түсіргеніңіз абзал! Соңғы пневмония болып жатқан науқастардың көпшілігінде температура да, құрғақ жөтел де жоқ болып жатыр.

Мүмкін бұл вирустың мутацияланған түрі шығар. Әзірше, қазақстандық дәрігерлер COVID-19 бөлек, пневмонияны бөлек ауру ретінде қарап, екеуіне екі түрлі статистика жүргізіп жатыр", - деді ол.

Фото: azattyq-ruhy.kz

Фото: azattyq-ruhy.kz

Ақпарат агенттігінің қызметкері ауруханада өзін қалай емдеп жатқанына да тоқталды.

"Ең бірінші сіздің өкпеңізді рентгенге түсіреді. Сосын қан және кіші дәрет анализін тапсырттырады. Нәтижесін қолға алғаннан кейін, бірден ем шараларын бастайсыз.

Коронавирусты емдейтін дәрінің әлем бойынша жоқ екенін ескерсек, ауруханада сізге вирусқа қарсы таблеткаларды береді. Олады ішпес бұрын, кез келген науқас COVID-19 вирусын стационар жағдайында емдеудегі этиопатогенді ақпарат қағазына қол қояды.

Себебі, қауіпті дертті емдеуде ЖИТС, Спид пен туберкулезді емдеуге қолданылатын күшті антибиотиктерді ішесіз. Олар – алувиа, хлорохин, гидроксихлорохин, иптерферон бета-1/альфа, тоцилизумаб, азитромицин.

Тағы да оқыңыздар

Ақтөбе облысында пневмониядан қайтыс болғандар саны 16 адамға дейін өсті

Сондай-ақ, коронавирус инфекциясының адам қанын сұйылтатынын ескеріп, қанды сұйылтудан сақтайтын гепосан егіледі. Алувианың кері әсерлерінің алдын алу үшін іш өткізуден, жүрек айнудан сақтайтын "церулин" егеді.

Пневмония диагнозы анықталған науқастарға цефтраксион егіледі немесе сұйықтық көк тамыр арқылы тамшылатып енгізіледі.  Күніне екі мәрте өкпеңізге ауаның қалай жетіп тұрғанын арнайы құрылғы арқылы тексеріп, дене қызуыңыз өлшенеді. Ешқандай тамақ, мұрын шаю жоқ. Кейбір үлкен кісілерге қанды сұйылтпайтын дәрі кіндіктен егіледі.

Аталған антибиотиктердің кері әсері қатты. Сол себепті дәрігер нұсқаулығынсыз, үй жағдайында пайдаланбағаныңыз дұрыс.

Алувианы алғаш қабылдаған күндері дене қатты ауырады. Диарея, құсу, шамадан тыс әлсіздік, күйзеліс, қыздарда цикл бұзылу орын алып, терілеріңіз құрғап түседі. Біреулер алувиа қабылдаған соң ұйықтай берсе, енді біреулер мүлдем ұйықтай алмай жүреді. Мен алғашқы 3 күн мүлдем ұйықтай алмадым. Бүйрегімнің әрбір қозғалысына дейін сезіп жүрдім. Тамаққа деген тәбетім соңғы екі күн ғана ашылды", - деп түсіндірді журналист.
Фото: azattyq-ruhy.kz

Фото: azattyq-ruhy.kz

Ол соңғы үш аптада республика бойынша коронавирус жұқтырушылар саны күрт көбейіп кеткенін, көптеген ауруханаларда жағдай мәз емес екенін алға тартты.

Тағы да оқыңыздар

"28 жыл жұмыс істеп, мұндай сұмдық көрмедім": Елордалық дәрігер көз жасын тия алмады (видео)

"Алматыдағы Қалқаман ықшамауданында орналасқан №7 қалалық клиникада жатқан таныстарымның айтуынша, оларға қарап жатқан дәрігер жоқ. Бірақ мен жатқан Фтизопульминология орталығында ешқандай адам кезегі орын алмады. Бәрі рет ретімен келіп жатыр, аурухана іші тап-таза, тамақтары дәмді. Бәлкім, бұл өкпені емдеуге маманданған салалық аурухана болғаннан болар... Емді пульмонолог дәрігерлер тағайындайды.

Естуімше, қалалық клиникалардың көбінде өкпені қарайтын пульмонолог мамандардың жетісупешілігі салдарынан, терапевт, хирург дәрігерлер пневмония болған науқастарға өз беттерінше ем жасап жатыр.

Дәрігерлердің барлығы үш ай бойы үйлеріне бармаған. Коронавирус басталғалы қонақ үйде қонып жүр. Үстілеріндегі қорғаныш костюмдерін 6 сағат бойы шешуге болмайды. Мейлі шөл қыссын, мейлі әжетханаға барғысы келсін, 6 сағат костюммен жүреді.

Әріптестерінің көпшілігі коронавирус жұқтырып ауырып жатқандықтан, қазіргі таңда жұмыста дәрігерлер жетіспейтінін айтты. Дәрігерлер де, медбикелер мен тазалықшы ағай-апайлардың осы уақытқа дейін қатты сөйлеп, науқасты ренжіткенін байқамадым. Әрбір науқастың көңіл-күйіне қарауға барынша тырысып жүр. Осы тұста, дәрігерлердің тынымсыз еңбегіне шексіз алғыс білдіргім келеді", - деді журналист.

Төртінші билік өкілі ауруханадағы кемшіліктерді де айтуды ұмытпады.

Тағы да оқыңыздар

"Өзімді он есе жақсы сезінемін": Қайрат Құдайберген қазіргі жағдайымен бөлісті

"Ауруханадағы төсектер ыңғайсыз, қатты, қозғалсаң шиқылдайды. Матрац, көрпе-жастық сынды жабдықтар өте ескі. Төсектерде жапқыш жоқ,  палатадағы терезелерге перде/жалюз ілінбеген.  Бөлмеде құмырсқалармен бірге ұйықтауға тура келеді. Еліміздің басқа өңірлеріндегі жағдайға қарап, ем алып жатқанымызға "шүкіршілік" деп жатырмыз". - деді ол.
Фото: azattyq-ruhy.kz

Фото: azattyq-ruhy.kz

Журналист ауруханаға түскендер психологиялық күйзеліске алғашқы күндері түсіп кететінін білдірді. Ол өзіне де бастапқыда ауыр болғанын жасырмады.

"Егер, жағдайыңыз аса ауыр болмаса үйде емделіңіз. Мұнда келген 20-22 жастағы қыздардың көбі психологиялық тұрғыдан әлсіздік танытып жатыр.

Жеке практикамда байқағаным, ауруханаға түскен алғашқы күн барлық науқас күйзелісте жүреді. Әсіресе жастар өздерінің коронавирус жұқтырғандарын қабылдай алмай, жылап, жақындары мен туыстарына қоңырау шалып, қалай да ауруханадан шығудың жолын іздеп жатты.

Түнде өкпесі түсіп қалардай жөтелетін науқастар, кислород аппаратын қолына көтеріп жүретін қарттар мен кейуаналар бар. Психикаңыз қанша мықты болса да, ауруханадағы картина көңіліңізде мұңлы әсер қалдырады", - деді ол.

Журналист дәрігерлердің айтқан кеңесінде көпшіліктің кәдесіне жарар деген ниетпен жазып алғанын айтты.

  • "Сұйықтық көп ішу керек. Күніне кемі 2 литр су қажет. Сорпа тамақтар, С дәрумені бар көкөністер мен жеміс-жидектерді тұтыныңыз;
  • Қымыз, шұбат, саумал ішу;
  • Таза ауада көп серуендеу, өкпе және тыныс алу жолдарына арнайы жаттығулар жасау. Мысалы, шар үрлеуіңізге болады. Сосын терең демалып, деміңізді 5 секунд ұстап тұрып, кейіннен ауаны кері шығарасыз. Дәл осы әрекетті 5 рет жасайсыз. Бесінші ретінде жөтелу керексіз.
  • Күн ұзаққа ұйықтауға болмайды, себебі, денедегі қан сұйылып кетеді.
  • Бөлмені жиі желдетіп, тазалық сақтау. Қолды жиі жуу, маска кию;
  • Вирусқа қарсы таблеткаларды ауырмаған адамдарға ішуге болмайды.  Бауыр мен бүйрекке кері әсерін береді.
  • Жақсы ой ойлап, түрлі медитациялар жасау", - деп сөзін қорытындылады ақпарат агенттігінің қызметкері.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус жұқтырған журналист қалай емделіп жатқанын көрсетті (фото)