RU

Ақтөбеде жеті жүкті әйелдің коронавирустан қайтыс болғаны рас па

Ақтөбеде аймақтағы коронавирусқа қатысты жағдай туралы брифинг өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбеде жеті жүкті әйелдің өлімі туралы ақпаратқа түсініктеме берілді
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Брифингте Ақтөбе облысы әкімінің Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңесшісі Әсет Қалиев осыған дейін аяғы ауыр келіншектің коронавирустан қайтыс болуы туралы бұрын-соңды шыққан ақпаратты, сондай-ақ осы инфекциядан жеті жүкті әйелдің қайтыс болуы туралы қауесетті жоққа шығарды.

"Жүкті әйел жұқпалы аурулар ауруханасында қайтыс болды, бұл туралы бұған дейін хабарлаған едік. Бірақ одан коронавирус инфекциясы расталмаған. Марқұм пневмониямен ауырған, тыныс алу жетіспеушілігі болды. Бұл көз жұмған жетінші жүкті әйел емес. Бізде өлімнің тек бір жағдайы орын алды. Сондықтан бұл (жеті бірдей жүкті әйелдің өлімі туралы) ақпарат шындыққа жанаспайды", - дейді Қалиев.

Сонымен қатар, ол ауруханаға пневмониямен түсіп жатқандардың есепке алынып, эпидемиологиялық тексеруден өтіп жатқанын және отбасы мүшелерінің де тексеріліп жатқанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Людмила Бюрабекова Денсаулық сақтау министрлігі мен өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларының өлім-жітім статистикасы неліктен сәйкес келмейтінін түсіндірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1862963-aktbede-zeti-zkti-jeldi-koronavirustan-kajtys-bolgany-ras-pa.html