Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Самарқандта екібасты сиам егіздері дүниеге келді

Опубликовано:

ножки малыша
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Өзбекстанның Самарқанд қаласында екібасты сиам егіздері дүниеге келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Podrobno.uz-ға сілтеме жасап.

Жергілікті STV телеарнасының ақпарынша, дицефалдық типтегі сиамдық егіздерге жататын қыз балалар 27 маусымда ота арқылы өмірге келген.

Олардың ортақ бір денесі, бір жұп қолы мен аяғы, бір жүрегі, екі өкпесі, бір асқазаны және бір жатыры бар. Сәбилер сиам егіздерінің сирек кездесетін – дицефалдық парапагтар деген тобына жатады.

Қазір олар Самарқанд облыстық балалар көпсалалы медициналық орталығындағы жаңадан туған нәрестелерге арналған қарқынды терапия бөлімінде ем алуда. Дәрігерлердің айтуынша, бұл өте сирек кездесетін құбылыс. 200 мың баланың ішінде біреуі осындай дертпен мүмкін.

"Туғаннан екі күннен кейін егіздер біздің орталыққа жатқызылды. Оларда демікпе мен жүрек жеткіліксіздігі бар. Нәрестелер үнемі ылғалдандырылған, жылытылған оттегімен дем алады. Қазір олардың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр", – дейді Самарқанд облыстық балалар көпсалалы медициналық орталығының дәрігері Фаровон Самиев.

Қыздардың салмағы – 4600 грамм, бойлары – 48 сантиметр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысы Ақсу қаласында үшем дүниеге келгенін хабарлағанбыз.

Ақ халаттылардың мәліметінше, келіншек мерзімінен бұрын босанған. Салмағы екі келіден сәл асатын екі ұл және салмағы бір келі 600 грамм болған бір қыз бала өмірге келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862976-samarkandta-ekibasty-siam-egizderi-dniege-keldi/

pixel