Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркіменстан президенті Пайғамбар жасына толуына орай садақа берді (видео)

Опубликовано:

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов Пайғамбар жасына толуына орай Геок-Тепе мешітінде садақа берді. Мемлекет басшысы мешітте жиналған ақсақалдармен әңгімелескен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Туркменистан сегодня" басылымына сілтеме жасап.

Фото: tdh.gov.tm
Фото: tdh.gov.tm: Facebook

Ақсақалдар Гурбангулы Бердымұхамедовты Пайғамбар жасына жетуімен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ өмір және елді өркендету жолында жасап жатқан жұмыстарына сәттілік тілеген.

Мемлекет басшысы айтылған тілектерге ризашылығын білдіріп, жастарды патриотизм мен гуманизм рухында тәрбиелеуде аға буын тәжірибесінің маңыздылығын атап өтті.

Мешітке кіреберісте түркімен жерінің тышытығы мен бейбітшілігіне, халықтың бірлігі мен ынтымақтастығына, президент Гурбангулы Бердымұхамедовтың денсаулығы мен өміріне бағышталып дұғалар оқылды.

Содан кейін мемлекет басшысы арнайы бөлінген ғимаратта садақа берді.

Түркіменстан президенті жиналғандарды жылы қарсы алып, ұлттық дәстүрлердің түп-тамыры тарихпен тығыз байланысты екенін атап өтті. Олар – халықтың рухани, адамгершілік және мәдени құндылығы.

Еске сала кетейік, бұған дейін түркіменстандық телевизияда президент Гурбангулы Бердымұхамедовтың кезекті демалысын қалай өткізіп жатқаны жайлы сюжет жарияланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862989-trkimenstan-prezidenti-pajgambar-zasyna-toluyna-oraj-sadaka-berdi-video/

pixel