RU

Маңғыстаулық оқушы атасын құтқару үшін жасанды желдету аппаратын жасап шығарды

Маңғыстау облысында Ислам Жалғасбай есімді мектеп оқушысы пневмонияға шалдыққан атасының денсаулығына алаңдап, қолда бар заттармен өкпені жасанды желдету аппаратын жасап шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы инАктау сайтына сілтеме жасап.

Кадрлар видеодан алынды
Кадрлар видеодан алынды: Twitter

Отбасының туысы Рахат Тұрғановтың айтуынша, олардың 67 жастағы аталары екіжақты пневмонияға шалдығып, ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер қарияның жасына орай, оның денсаулығына байланысты болжамдар көңіл көншітпейтінін айтып, туыстарынан оны үйіне алып кетуді ұсынған.

"Жағдайы ауыр еді. Оны үйге алып келгеннен кейін де үміт үзбей күресуге шешім қабылдадық. Інімнің баласы Ислам YouTube желісінен бейнеролик көріп, өз бетінше өкпені жасанды желдету аппаратын жасап шығаруды ұйғарды", – дейді Рахат Тұрғанов.

Осылайша, сегізінші сынып оқушысының қодан жасап шыққан аппараты кәдеге жарап, атасының өмірін сәл де болсын жеңілдетуге септігін тигізді.

"Ислам жасап шығарған аппаратпен атамыз тағы бірнеше күн өмір сүрді. Алайда, өкінішке орай, қанша тырысқанымызбен, одан айырылып қалдық", – дейді Тұрғанов.

Еске сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрінің орынбасары ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте елдегі коронавирустан болған өлім-жітім статистикасының неліктен азайғанын түсіндіріп өткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1863017-magystaulyk-okusy-atasyn-ktkaru-sin-zasandy-zeldetu-apparatyn-zasap-sygardy.html