Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы жоспар ұсынды

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы жоспар ұсынғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Depositphotos
"Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы (ол ұзартылуы да мүмкін) жоспарын ұсынды. Ертең Ведомствоаралық комиссияның отырысынан кейін Денсаулық сақтау министрі түсініктеме береді", - деп жазды президент.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссияға наурыз-мамыр айларындағыдай қатаң карантин режимін енгізу мәселесі бойынша ұсынысты әзірлеуді тапсырған болатын.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-да өткен брифингте елімізде коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдайға әсер етудің екі нұсқасы қаралып жатқанын айтқан еді.

Одан бөлек, Цой елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты үш сценарийді атаған болатын.

Бірінші: Қазақстан карантин енгізбейді. Онда елде күніне вирус жұқтырған, ауруханаға жатқызуды қажет ететін шамамен 27 мың адам тіркеледі. Оларды ауруханаға жатқызу үшін 300 мың төсек-орын керек.

Екінші: 2 аптаға ұлттық локдаун енгізіледі. Бұл жағдайда күніне коронавирус жұқтыру дерегі 7 мыңға дейін жетеді. Ауруханаларға 80 мың төсек-орын қажет болады.

Үшінші: 4 аптаға локдаун енгізіледі. Күнделікті жаңа пациенттер саны 2,5 мың болады. Ауруханаларда 30 мың төсек-орын қажеттілігі туындайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863018-kazakstanda-5-sildeden-bastap-14-knge-karantin-engiziledi/

pixel