Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда ер адам сүйіктісімен кездесуден қайтып бара жатқан кезде тоналды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда белгісіз біреулер қызымен кездесуден кейін үйіне қайтып бара жатқан жігіттің ұялы телефонын тартып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция бөліміне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда ер адам сүйіктісімен кездесуден қайтып бара жатқан кезде тоналды
Фото: Нұр-Сұлтан ПД: UGC

Оқиға 22.30-да Біржан сал - Есенберлин көшелерінің қиылысында болған. Жігіт үйге қайтып келе жатқанда, оған белгісіз біреу келіп, ақша сұрады. Жас жігіт бірден бас тартты, содан кейін қаскөй оны бопсалай бастады. Ол астаналық тұрғынды қорқытып, ұялы телефонын беруді талап етті.

Жігіт қорыққаннан қарақшының айтқанын істеп, қалтасынан ұялы телефонын шығарып берді. Осы кезде ол жас жігіттің қолындағы гаджетті тартып алып, белгісіз бағытта қашып кетті.

Жас жігіт құқық қорғау органдарынан көмек сұрады. Елордалық полицияның хабарлауынша, қылмыскер ұсталды. Ол Нұр-Сұлтанның жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Оның жасы 27-те.

"Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191-бабы - қарақшылық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деді қалалық департаментте.

Тәртіп сақшылары осы азаматтың әрекеттерінен зардап шеккен тұрғындарды полицияға: 8 (7172) 71-66-10, 71-66-46, 71-66-76 немесе 102 нөмірі бойынша хабарласуды сұрайды.

Естеріңізге сала кетейік, Балқаштық сатушы дүкенге шабуылдаған қарақшыға қарсы тұрған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1863032-nr-sltanda-er-adam-sjiktisimen-kezdesuden-kajtyp-bara-zatkan-kezde-tonaldy/

pixel