Выйти
RU

Әбдіғаппар Смановты ақтық сапарға шығарып салуға жүздеген адам келген (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Күні кеше қайтыс болған дінтанушы ұстаз Әбдіғаппар Смановтың жаназасына жүздеген адам қатысты. Сарыағаш жұртшылығы карантинге қарамастан елге сыйлы азаматты ақтық сапарға шығарып салуға барған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Желіде Әбдіғаппар Смановтың жаназасынан түсірілген видео тарап кетті. Онда "Сарыағаш медресе колледжі" алдында ине шаншар жер жоқ екенін байқауға болады. Белгілі ұстазбен қоштасуға келген халықтың қарасы тым көп.

Жергілікті және өзге өңірлерен келген тұрғындар карантинге қарамастан, көпке үлгі болған азаматты ақтық сапарға шығарып салуға қатысуды парыз санаған.

Бейнежазбаға жиылған көпшілік көзінше марқұмның денесі шығарылып жатқан сәті түсіп қалған. Оның жаназасы кеше Сарыағаш қаласында сағат 19:00-де өткен.

Желі қолданушылары Әбдіғаппар Смановтың мезгілсіз қазасына байланысты қайғырып, оның жақындарына көңіл айтуда.

Тағы да оқыңыздар

Маңғыстаулық оқушы атасын құтқару үшін жасанды желдету аппаратын жасап шығарды

Айта кетейік, еліне сыйлы болған дінтанушы ұстаз Әбдіғаппар Сманов кеше, бірінші шілде күні қайтыс болды. Ол небәрі 50 жасында өмірден өтті.

Сонымен қатар, желіде Смановтың өлім алдындағы соңғы аудиожазбасы тарап кеткен болатын. Өз сөзінде дінтанушы өзі "Қайреке" деп атаған азаматтан батыл-батыл сөздер айтуын сұрайды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әбдіғаппар Смановты ақтық сапарға шығарып салуға жүздеген адам келген (видео)