Выйти
RU

Динагүл Тасова Нұрсұлтан Құрманға үйленуге ұсыныс жасап, ұятқа қалды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал тележүргізуші Нұрсұлтан Құрман атышулы Динагүл Тасованың кесірінен ыңғайсыз жағдайға тап болды. Желіде төсін жалаңаштап танылған ару оны мейрамханаға шақырып, үйленуге ұсыныс жасаған. Журналист жігіт сәнбикеден мұндай әрекетті күтпей, аң-таң болып қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіне сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр.

Фото: видеодан кадр.

Динагүл Тасова белгілі тележүргізуші Нұрсұлтан Құрманды бір мәселе бойынша кездесуге шақырып, онымен әңгіме құрған. Алайда, шын мәнінде сәнбике оған басқа жағдаймен жүгінген болып шықты.

Әңгімелесу барысында Тасова журналистпен жолығуының шынайы себебін ашып, оны қатты таңғалдырды. Ол сері жігітке үйленуге ұсыныс жасап, тіпті сақина тарту еткен. Атышулы арудан мұндайды күтпеген Нұрсұлтан Құрман оған басы бос емес екенін түсіндіруге тырысты.

Тағы да оқыңыздар

"Соңымнан қалар емес": Ару әпкесінің сүйіктісі жайлы сырын ақтарды

Бірақ, сәнбике оны тыңдағысы келмегендей болып, өз айтқанына тұрып алды. Тележүргізуші бойжеткенге ойын жеткізе алмайтынын түсініп, орнынан тұрып кетіп қалды.

Видео соңында бұл арнайы алдын ала құрастырылған Нұрсұлтан Құрманды алдау операциясы екені белгілі болды. Сәнбике мен журналистің мейрамханада отырған сәті жасырын камераға түсіріген.

Динагүл Тасова орнынан тұрып кеткен жігіттің артынан іле-шала жүгіріп, оған пранк жасалғанын айтқан.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Динагүл Тасова Нұрсұлтан Құрманға үйленуге ұсыныс жасап, ұятқа қалды (видео)