RU

Шығыс Қазақстан облысында карантин белгісіз уақытқа дейін созылды

Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Марат Исмаилов қаулы қабылдады. Оған сәйкес, өңірде карантин шаралары сақталады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Құжатта коронавирус жұқтырғандар саны тез артқан соң өңірдің бас санитар дәрігері карантинді сақтауға мәжбүр болып отырғаны айтылады. Мәселен, облыста ауру маусым айымен салыстырғанда төрт есе өсекн.

Сондай-ақ, құжатта қаулыны физикалық және заңды тұлғалар орындауы тиіс екені жазылған. Исмаилов акт талаптарының орындалуын жеке қадағаламақ.

Қаулы күні кеше, 1 шілдеде қабылданған. Ол дәл сол күннен бастап, карантин аяқталғанша заңды күшінде болады.

Карантиннің аяқталу уақыты көрсетілмеген. Ал бұған дейінгі қаулы 1 шілдеге дейін күшінде болған.

Айта кетейік, өңідегі карантин шаралары да бұрынғыдай болып қалмақ.

Талаптар арасында өткізу жүйесі, сауда орындары мен қызмет көрсету нысандарының жұмысын тоқтату, демалыс пен мереке күндері қоғамдық көлік қызметін тоқтату мен өзге де шаралар бар.

Бүгінде ШҚО-да коронавирус жұқтырғандардың саны 1517-ге жеткен. Олардың 249-ы жазылып шықса, төрт адам қайтыс болған.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте карантин 20 шілдеге дейін ұзартылғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1863062-sygys-kazakstan-oblysynda-karantin-belgisiz-uakytka-dejin-sozyldy.html