RU

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 42 мыңнан асты

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1509 адам тіркелді.Осылайша, елде COVID-19 диагнозы расталғандар саны 42 574-ке жетті деп жазады KAZ.NUR.KZ коронавируспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram парақшасына сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 42 мыңнан асты
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Комиссия Қазақстанда коронавирус бойынша 2020 жылдың 1 шілдесінде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет ұсынды.

Өткен тәулікте тіркелген 1509 науқастың 528-інде ауру белгілері бар, ал 981-інде ауру бегілері жоқ.

Осылайша, елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 42 574-ке жетті.

Алматы қаласында - 5696(+195),

Нұр-Сұлтан қаласында -5523(+81),

Қарағанды облысында - 4936(+97),

Атырау облысында - 4420(+287),

Шымкент қаласында - 3194(+43),

Батыс Қазақстан облысында - 2885(+112),

Алматы облысында - 2207(+111),

Түркістан облысында - 1745(+26),

Шығыс Қазақстан облысында - 1628(+111),

Ақтөбе облысында - 1574(+63),

Жамбыл облысында - 1468(+45),

Солтүстік Қазақстан облысында - 1323(+28),

Қызылорда облысында -1317(+105),

Ақмола облысында - 1298(+52),

Маңғыстау облысында - 1217(+83),

Павлодар облысында - 1198(+59),

Қостанай облысында - 945(+11).

Айта кетейік, үкімет Қасым-Жомарт Тоқаевқа 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы жоспар ұсынып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1863071-kazakstanda-koronavirus-zktyrgandar-sany-42-mynan-asty.html