Выйти
RU

Нью-Йоркте бірнеше қабатты ғимарат опырылып қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нью-Йоркте үш қабатты ғимарат құлады. Оқиға Бруклиндеги Кэрролл Гарденс аймағында болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ New York Post газетіне сілтеме жасап.

Нью-Йоркте бірнеше қабатты ғимарат құлады (видео)

Фото: New York Post: UGC

36 жыл бойы құлағанғимаратта элиталық спорт зал болған. Абырой болғанда, коронавирус пандемиясына байланысты ол бос тұрған.

Куәгерлер алдымен қатты дауысты естіп, содан кейін біреулердің айқайлағанын айтқан. Олардың сөзінше, ғимарат жермен жексен болған. Белгілі болғандай, аталмыш нысан күрделі жөндеуден өтіп жатқан.

Оқиға салдарынан бір адам зардап шеккен, ол жеңіл жарақат алған.

Сонымен қатар желіде оқиға орнынан түсірілген видео да пайда болды. Кадрлардан ғимараттың сау-тамтығы қалмағанын, оған жақын тұрған үй тіпті зардап шекпегенін байқауға болады.

Ғимарат енді қалпына келтірілмейді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қытайда алты қабатты қонақ үй опырылып құлағанын хабарлаған едік.

Тағы да оқыңыздар

"Анасына көмек керек": Салмағы 350 келі болған қарағандылық азамат қайтыс болды

Оқиға Цюаньчжоу қалалық округінің Личэн ауданындағы Xinjia Express қонақ үйіінде болған.

Онда коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған адамдар карантиннен өтіп жатқан

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нью-Йоркте бірнеше қабатты ғимарат опырылып қалды