Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белоруссияда әлемдегі ең үлкен көлік жасалды (фото)

Опубликовано:

Белоруссияда жасалған көлік Гиннестің рекордтар кітабына енді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Белта-ға сілтеме жасап.

Белоруссияда әлемдегі ең үлкен көлік жасалды (фото)
Фото: Белта: UGC

Салмағы 810 тонна болатын белоруссиялық алып БелАЗ жүк көлігі ең үлкен көлік ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл алыптың қуаты 4600 аттың күшіне тең.

Айта кетейік, әлемдегі ең ысырапшыл автокөлік ретінде – Bentley Meteor саналды. Бұл 100 шақырымға 117 литр жанармай тұтынатын 850 аттың күшінен тұратын ұшақ қозғалтқышы бар тәжірибелік модель.

Ал ең ұзын көлік– отыз метрлік лимузинге айналған Cadillac Eldorado. Көлікте 50 орын бар.

Ең жылдам көлік – Shelby Supercars Ultimate Aero TT, ол сағатына 411 км жылдамдыққа дейін жүйітки алады. Оның қозғалтқышының қуаты 1287 аттың күшіне тең.

Еске сала кетсек, биыл наурыз айында әлемдегі ең қарт ер адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген Роберт Уейтон 112 жасында қайтыс болған еді. Роберт Уейтонның артында екі ұлы мен қызы, 10 немересі мен 25 шөбересі қалды.

Быил 23 ақпанда 112 жастағы жапониялық Титэцу Ватанабэ қайтыс болғаннан кейін әлемдегі ең қарт ер адам атағы Роберт Уэйтонға берілген еді. Жапония тұрғыны 112 жасында дүние салды.

Сонымен қатар бұған дейін Тәжікстанда үш ғасырды көрген Фотима Мирзокулова әжейдің 127 жасында өмірден өткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1863079-belorussiada-lemdegi-e-lken-klik-zasaldy-foto/

pixel