Выйти
RU

ДДСҰ Қытайдағы шошқа тұмауы жайлы ақпаратқа пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бойынша бағдарлама директоры Майкл Райан Женевада өткен брифингте Қытай ғалымдары жазған шошқа тұмауы жаңа емес екенін, ол осыған дейін де белгілі шошқа тұмауының бір түрі екенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

ДДСҰ Қытайдағы шошқа тұмауы жайлы ақпаратқа пікір білдірді

Фото: iz.ru: Depositphotos

"Адамдары сабырға шақыру маңызды. Бұл жаңа вирус емес екенін, қадағалаудағы вирус екенін айту қажет. Біз мұны бақылауда ұстап отырмыз", - дейді ол.

Оның сөзінше, қытай ғалымдары жазған вирус 2016 жылы шыққан, құс тұмауына ұқсас еуразиялық шошқа тұмауының бір түрі және жазбада бұл вирустың, әсіресе, шошқа популяциясы арасындағы эволюциялық дамуы жайлы ақпарат бар.

Айта кетейік, осыған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирус инфекциясының шошқа тұмауына қарағанда он есе қауіпті екенін мәлімдеген еді.

Тағы да оқыңыздар

Аружан Саин тойға екі жылға тыйым салуды ұсынды

Гебрейесус шошқа тұмауы пандемиясының 2009 жылдың қаңтарынан 2010 жылдың тамызына дейін созылғанын және осы уақыт ішінде 1,6 миллионнан аса адамның жұқтырғанын атап өтті. Тұмаудан 18 449 адам көз жұмған.

Ал 2020 жылдың қаңтар айынан басталған коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны бүгінде 10 миллионнан асқан, қайтыс болғандар саны 515 мыңға жеткен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ДДСҰ Қытайдағы шошқа тұмауы жайлы ақпаратқа пікір білдірді