RU

Денсаулық сақтау министрлігі парацетамол аналогтарының тізімін жариялады

Жақында еліміздің дәріхана сөрелерінен парацетамол жоғалып, дәрі тапшылығы орын алған болатын. Осы орайда Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Ұлттық сараптама орталығы құрамында парацетамол бар дене қызуын басатын дәрілік препараттардың тізімін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі парацетамол аналогтарының тізімін жариялады
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Тізімде таблетка, ұнтақтар және суппозиторийлер түрінде қолжетімді 60-қа жуық дәрі-дәрмектер көрсетілген.

Колдрекс актив, Фасторик, Ценипар экстра, ТераФлю Макстаб, Цефекон, Парамолан, Балаларға арналған панадол, Панадол Экстра, Антифлу, Антифлу Кидс, Колдрекс Юниор Хот Дринк, ИН-ГРИПП, Күн мен Түн, Гриппостад С Стик, Агриппин, Тайлол 6 Плюс, Эффералган, Флюкол-С, Пардифен, КОМБИГРИП, МаксиГриппин, Цитрамон П, Фервекс, Ректол-125 , Ректол-250, Аскофен, Нолгрипп, Суыктимицин, КМ-парацетофит, Парацетамол Роутек, ОРВИколд, БоксГрипал, ГриппоФлю, Танфлекс, ГРИПГО, Парацетамол Вива Фам, Терафлю, Колдфри, Парацетамол Б.Юраун, Ринза, Гриппостад, ТАЙЛОЛФЕН ХОТ, Стопгрипан – Лимон, Цитрик Солпадеин Актив.

Еске сала кетсек, алматылықтар мегаполистегі дәріханалардан парацетамол мен термометрлер жоғалып кетті деп шағымданған болатын. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының жетекшісі Арнұр Нұртаев жағдайды түсіндірген еді.

Оған қоса, Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова парацетамол Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды дәріханаларында пайда болғанын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, дәрі осы аптаның соңына дейін Қазақстанның басқа аймақтарында пайда болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1863105-densaulyk-saktau-ministrligi-paracetamol-analogtaryny-tizimin-zarialady.html