Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бішкекте карантин күшейтілді

Опубликовано:

Бішкекте коронавирусқа байланысты карантин күшейтілді. 1 шілдеден бастап қалада шектеу шаралары мен тыйымдар енгізілген. Бұл туралы шаһар мэрі Азиз Суракматов мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Kyrgyztoday.org сайтына сілтеме жасап.

Бішкекте карантин күшейтілді: Науқастар ЖОО жатақханаларына жатқызылады
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Муниципалитет қоғамдық көлік пен таксиге (жұмыс күндері олар таңертең сағат 07:00 – ден 10:00-ге дейін жұмыс істейді, кешке-сағат 17:00-ден 21:00-ге дейін, демалыс күндері көлік жұмыс істемейді), кафе мен мейрамханалар, дүкендер мен базарлар, саябақтар мен скверлерге уақытша шектеу енгізді.

Клубтар мен барлардың, сондай-ақ балалар ойын-сауық орындарының, футбол алаңдары мен ойын алаңдарының жұмысына тыйым салынды.

Премьер-министр Кубатбек Боронов ел перзиденті Соронбай Жээнбековпен кездесу барысында 750 төсек-орын бірқатар оқу орындарының жатақханалары базаларына және 400 орын елорда маңындағы "Манас" әуежайына қойылатынын айтты.

Үкіметте медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі мәселесін ординатурада білім алушыларды және медициналық жоғары оқу орындарының жоғары курс студенттерін жұмылдыру арқылы шешу жоспарланып отыр.

Мұндай шаралар елдегі коронавирус жағдайының нашарлауына байланысты билік тарапынан қолға алынған. Қырғызстанда, ресми мәліметтер бойынша, эпидемия басталғаннан бері коронавируспен 5735 адам ауырып, 62 адам қайтыс болды.

Айта кетейік, өз елімізде 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863116-biskekte-karantin-ksejtildi/

pixel