Выйти
RU

Елімізде қалааралық автобустар қайта тоқтайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекеттік комиссия екі аптаға созылатын қатаң карантин шараларын бекітті. Оған сәйкес, 5 шілдеден бастап өңірлер арасында жолаушылар автобусы қатынамайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілді.

Мемлекеттік комиссия шешіміне сәйкес, халықаралық әуе қатынасы сақталады, бірақ елдер тізімі бұдан әрі толықтырылмайды.

Өңірлер арасында ұшақ пен пойыздар қатынай береді, алайда бірқатар шектеу бар.

"Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасы уақытша тоқтатылады. Қоғамдық көліктің жұмыс уақыты шектелді", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанда қалааралық автобус тасымалы 5 маусымда жанданған болатын. Жолаушылар салонға тек маскамен кіргізіліп, ал ең соңғы аялдамада көлікке дезинфекция жасауға міндеттелді.

Тағы да оқыңыздар

Карантин кезінде қандай қызмет түрлеріне рұқсат бар

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссияға наурыз-мамыр айларындағыдай қатаң карантин режимін енгізу мәселесі бойынша ұсынысты әзірлеуді тапсырған болатын.

Ал кеше перзидент үкіметтің елде 14 күнге карантин жариялау жоспарын ұсынғанын мәлім етті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде қалааралық автобустар қайта тоқтайды