Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлі 10-15 жыл өмір сүрер еді": Динара Сәтжанның нағашы апасы қайтыс болды

Опубликовано:

Отандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның отбасында қайғылы жағдай орын алды. Журналистің нағашы апасы қайтыс болған. Диагнозы - коронавирус инфекциясы деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/dinarasatzhan.
Фото: Instagram/dinarasatzhan.: Instagram

Динара Сәтжан жанұясындағы орны толмас қаза туралы өзінің Instagram парақшасы арқылы жеткізген. Ол нағашы апасының коронавирустан қайтыс болғанын растады.

"Бүгін біздің апамыз өмірден өтті. Менің анамның анасы қайтыс болды. Диагнозы - коронавирус. Бұл қауіпті індет бүгінде Жаңаарқада өршіп тұр. Маусым басында сол жерде болып қайттым. Ол кезде апам өзін жақсы сезінген болатын. Бұл вирус болмағанда ол әлі де кемінде он-он бес жыл өмір сүрер еді" , - деді Динара Сәтжан.

Айта кетейік, бұған дейін Динара Сәтжанның өзі де қатты ауырып жатқанын айтып, елді алаңдатып қойған болатын. Тележүргізуші коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест жасайтын орталық таба алмай қиналып, ақыры тестілеуді кейінге қалдырып қойды.

Сонымен қатар, кеше түнде белгілі әнші Саят Медеуовтың анасы өмірден өткенін хабарлағанбыз. Барша өнер жұлдыздары қайғыдан қан жұқтқан әріптесіне жұбату айтып, мезгісіз қазаға қатысты көңіл айтуда.

Саят Медеуов мұндай қиын жағдайда оның қасынан табылғысы келетін жақындарына барынша карантин режимін ұстанып, сақтануға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863126-li-10-15-zyl-mir-srer-edi-dinara-stzanny-nagasy-apasy-kajtys-boldy/

pixel