RU

Ресей шетелге коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмек жеткізуге дайын

Ресейдің тікелей инвестициялар қоры коронавирусқа қарсы "Авифавир" препаратын өзге елдерге жеткізуге дайын. Бұл АҚШ-тың "Ремдесивир" препаратының үш айлық қорын сатып алу туралы шешіміне байланысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: РИА Новости / Ресейдің тікелей инвестициялар қоры
Фото: РИА Новости / Ресейдің тікелей инвестициялар қоры: Facebook

Қордың баспасөз хабарламасында атап көрсетілгендей, "Авифавирдің" тиімділігі жоғары, және басқа препараттармен салыстырғанда (соның ішінде "Ремдесивир"), жақсы нәтижелер көрсетеді.

"Ресей өзге елдерге коронавируспен күресте көмектесуге және "Авифавир" препаратын шетелге жеткізуге дайын. 50-ден астам ел препаратқа қызығушылық танытып отыр", – дейді Ресейдің тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев.

Бұған дейін АҚШ-тың коронавирусты емдеуге қолданылатын "Ремдесивир" препаратының үш айлық қорының 90 пайызын сатып алғаны мәлім болды. Осылайша, Еуропа мен өзге де елдер аталған препаратқа қол жеткізе алмай қалған.

Еске сала кетейік, бұған дейін коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік "Авифавир" препараттарының алғашқы легі ауруханаларға жеткізілгенін хабарлағанбыз.

Бірінші болып дәрі-дәрмектерді Мәскеу, Ленинград, Новгород, Киров облыстары мен Екатеринбург қаласының, сондай-ақ Татарстан республикасының клиникалары мен уәкілетті фармацевтикалық ұйымдары алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1863132-resej-setelge-koronaviruska-karsy-dri-drmek-zetkizuge-dajyn.html