Выйти
RU

Нұрсұлтан Назарбаев коронавирустан жазылып шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус инфекциясын айығып шықты. Елбасының соңғы тапсырған ПТР-тесті теріс нәтиже көрсеткен. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter парақшасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Ақорда: Facebook

"Елбасының КВИ-ге тапсырған бүгінгі тесті теріс нәтиже көрсетті. Дәрігерлердің кеңестеріне сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев әлі де өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауды жалғастырып, қашықтан жұмыс істеп және таза ауада серуендеп тұруға көңіл бөлмек" , - деп жазды Айдос Үкібай.

Елбасының баспасөз хатшысы оның серуендеп жүрген сәтіндегі суретпен бөліскен.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус инфекциясы анықталғаны туралы 18 маусымда белгілі болды.

Айдос Үкібай өз мәлімдемесінде Елбасы коронавирустың симптомсыз түрімен ауырып жатқанын жеткізген болатын.

Тағы да оқыңыздар

Семей қаласының әкімінен де коронавирус анықталды

Баспасөз хатшысы Назарбаевтың дене қызуы тұрақты әрі одан КВИ-ге тән белгілер байқалмайтынын айтты. Ол халыққа алаңдауға еш негіз жоқ екенін түсіндірді.

Тұңғыш президент өзін-өзі оқшаулау кезінде қашықтан жұмыс істеді. Елбасының денсаулығы үшін алаңдаған өзге ел басшылары оған өзінің қолдау хаттарын жолдап жатты.

Еліміздің тұңғыш президентіне тек қана ел басшылары ғана емес, мәдениет қайраткерлері, ЖОО басшылары, қоғам қайраткерлері мен халық әртістері де білдірді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұрсұлтан Назарбаев коронавирустан жазылып шықты