Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылатын болды

Опубликовано:

Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов карантин режимін бұзғандарға айыппұл салынатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Бұл туралы Тоғжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты.

"Бизнес қауымдастық пен азаматтардың назарын мынаған аударғым келеді: карантин режимін және санитарлық-эпидемологиялық талаптарды бұзғаны үшін жеке тұлғалар 30 АЕК ( 83 340  теңге) мөлшерінде әкімшілік жауапқа тартылады", - деді ол.

Ал кәсіпкерлік субъектілеріне 230 АЕК (638 940 теңге) және одан жоғары айыппұл салынады. 

Премьер-министрінің орынбасарының сөзінше, тиісті нормативті құқықтық акті осы аптада қабылданады.

"Он төрт күн аралығында белгіленген шаралардың тиімділігі бойынша мониторинг жүргізіліп, нақты қорытынды шығарылып отырады. Нәтиже бермеген жағдайда, шектеу шаралары бойынша қосымша шешімдер қабылдануы мүмкін", - деді Ералы Тоғжанов

Айта кетейік, бұған дейін эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілгенін жазған болатынбыз.

Шектеу шаралары кейін 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін. Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863157-karantin-rezimin-bzgandar-zauapka-tartylatyn-boldy/

pixel