Выйти
RU

"Той жасайды": Тоғжанов елде вирустың кең таралуына не себеп болғанын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов карантинге қарамай тығылып той өткізіп, бетперде кимейтіндер туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл туралы вице-премьер орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты. 

Ол коронавирустың ел ішіне кең таралуына адамдардың жауапсыздығы мен немқұрайлығы да себеп болып отырғанын атап өтті. 

"Әлем бойынша бұл індетті он миллионнан астам адам жұқтырып, бес жүз мыңнан астамы қайтыс болса да, біздің ел тығылып той тойлап, бетперде киюді әлі де ұят санайтындар жоқ емес. Мәселен, амбарларға тығылып той жасау, артқы есіктен кіріп қыз ұзату, аулада той жасау, құдалық өткізу, ас беру, туған күн тойлау сияқты тағы басқалары толып жатыр. Оған өздеріңіз де куәсіздер. Осындай әр шараның соңында кемінде жиырмадан астам адамның ауруханаға түсіп, көз жұмып жатқаны мәлім", - деді Тоғжанов.. 

Тағы да оқыңыздар

Павлодарда карантин кезінде қыз ұзату жасағандар әшкере болды

Вице-премьер елдегі күрделі жағдайдан шығу үшін әр адам жауапкершілік танытуы қажет екенін айтты. 

"Мемлекет қабылдаған шаралардың басты мақсаты сөзсіз, ең алдымен, адам өмірін сақтауға бағытталған", - деді ол. 

Айта кетейік, бұған дейін эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілгенін жазған болатынбыз.

Шектеу шаралары кейін 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін. Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Той жасайды": Тоғжанов елде вирустың кең таралуына не себеп болғанын айтты