Выйти
RU

Еуразиялық банк жылды рекордты көрсеткіштермен тәмамдады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

«Еуразиялық банк» АҚ банк және оның еншілес компаниялары (ары қарай - банк) қызметінің 2019 жылдың 12 айы бойынша шоғырланған нәтижелерін жариялады.

Еуразиялық банк жылды рекордты көрсеткіштермен тәмамдады

"Мен банктің 2019 жыл бойынша ҚЕХС-ке сәйкес аудиттелген нәтижелерін ұсынып отырғаныма қуаныштымын. Біз жылды рекордты көрсеткіштермен аяқтадық. Банктің операциялық кірісі 72,9 млрд теңгеден 91,6 млрд теңгеге дейін, яғни 25%-ға артты. Біздің банктің қызметіне жүгінген клиенттер саны 20%-ға артып, 4 млн-ға жуықтады. Шығындардың кірістерге қатынасы (cost to income) 44,4%-дан 38,7%-ға дейін азайды. Банкті капиталдандыру да арта түсті. Мәселен, К1 —9,5%-дан 10%-ға дейін артса, К2 —23,8%-дан 26,2%-ға дейін өсті. Біз барлық нарық үшін оңайға түспей отырған 2020 жылға әсерлі өтімділік қорымен аяқ бастық: 2019 жылдың аяғына дейін ол деңгейден төмен түскен жоқ. Moody’s агенттігі банкке B2 рейтингін тағайындады.

Тағы да оқыңыздар

Қазақстандықтар екі апта ішінде 10 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алған

2019 жылы біздің банк 25 жылдық мерейтойын атап өтті. Біз елмен бірге түрлі қиын кезеңдерді, құлдыраулар мен жетістіктерді бастан кешірдік. Соған қарамастан, әлі күнге дейін клиенттеріміздің сенімді серіктесі болуды жалғастырып келеміз», - деді 2019 жылды қорытындылай келе банктің директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.

«Еуразиялық банк» АҚ тобына банктен бөлек «Еуразиялық банк» ЖАҚ (Мәскеу), «Еуразиялық жоба 1» АҚ және «Еуразиялық жоба 2» ЖШС сынды еншілес компаниялар кіреді. «Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ бас компания болып саналады және банк акцияларының 100%-на иелік етеді.

*PR құқында

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Еуразиялық банк жылды рекордты көрсеткіштермен тәмамдады