Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейден 700 қорап парацетамол алдырып, тегін таратқан азаматқа ел тәнті болды (фото)

Опубликовано:

Соңғы уақытта елімізде коронавирус инфекциясы мен пневмония өршіп тұр. Сол себепті дәріханаларында қажетті препараттар жетіспеуде. Ел басынан күн туғанда Абдолов Ардақ есімді азамат Ресейдің ірі қаласынан 700 қорап парацетамол алдырып, жерлестеріне көмек ретінде тегін таратқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Арыстай азаматтың жұртқа жасаған жақсылығын Алмас Қуанышев Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.

"Ұстазы жақсының ұстамы жақсы дегендей, Қызыл қоғаның тағы бір азаматы Абдолов Ардақ Досжанұлы ұстазынан үлгі алып, Астрахань қаласынан 700 қорап парацетамол алдырып, соның 200 данасын тегін таратын, қалған 500 данасын туған ауылына көмек ретінде жіберді. "Жамандық көрсең құмға жаз, жел қуалап өшірсін. Жақсылық көрсең тасқа жаз, ғасырдан ғасыр көшірсін" дегендей, осындай азаматтардың жақсылығын айта кеткенді жөн көрдім", - деді ол.

Бұны көрген желі оқырмандары қайырымды жанға деген ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырған.

Еске сала кетсек, осыған дейін денсаулық сақтау министрлігі парацетамол аналогтарының тізімін жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863166-resejden-700-korap-paracetamol-aldyryp-tegin-taratkan-azamatka-el-tnti-boldy-foto/

pixel