Выйти
RU

Алматылықтар "Медеудің" жоғары жағындағы аттракцион құрылысына шүйлікті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астаналықтар "Медеуден" жоғары орналасқан таулардағы аттракцион құрылысына шүйлікті. Бұл туралы экобелсенді Салтанат Тәшімова өзінің Facebook парақшасында мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: get-me-tour.ru

Көрнекі фото: get-me-tour.ru: Facebook

"Медеуден сәл жоғары "Зиплайн" аттракционы салынуда", – дейді белсенді видеожазбада.

Нысанның төлқұжатында жобаның 2020 жылғы 1 наурызда басталғаны және биылғы сәуір айында аяқталуы тиіс болғаны жазылған.

Тәшімованың постына пікір білдірушілер екіге бөлінді – бірі экобелсендіге қолдау білдірсе, енді біреулер керісінше, жобаны қолдап отыр.

Жобаның авторы Влад Семенов Tengrinews порталына аттракцион құрылысын жүргізу бастамасы үш жылдан астам уақыт бұрын көтерілгенін айтып берді. Кейіннен аталған жоба бекітіліп, жер телімі бөлінген. Сондай-ақ "Шымбұлақ" аумағынан да жер телімі жалға алынған.

Семеновтың айтуынша, 20 шілдеге дейін тіректер орнатылып, "Шымбұлақ" арқанжолына дейін трос тартылады. Айдың соңында аттракцион іске қосылмақ, билеттің бағасы 3000-6000 теңгені құрайды.

Тағы да оқыңыздар

Тоқаев: Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы жоспар ұсынды

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында қорғандарды қазу кезінде сенсациялық жаңалық ашылғанын хабарлағанбыз.

Жетісуда Пазырық мәдениетінің ежелгі тайпалары өкілдерінің оңтүстікте жерлеу орындары табылды. Олар түріктер мен сақтардың мұрагерлері болып саналады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматылықтар "Медеудің" жоғары жағындағы аттракцион құрылысына шүйлікті