Выйти
RU

Қазақстандағы карантин режимі қандай жағдайда қатаңдайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов екі апталық карантиннен кейін қатаң шаралар енгізілуі мүмкін екенін жасырмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы Тоғжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты.

"Негізі, карантиннің бірнеше нұсқасы қарастырылған болатын. Соның ішінен екі апталық шектеу шараларына тоқталдық. Себебі бүгінде негізгі мақсат – халық арасында инфекцияның таралуына тосқауыл болу. Әсіресе, әлеуметтік байланыстарды барынша азайту керек. Сосын инкубациялық кезеңнің мерзімі – екі апта. Осы мәселе де ескерілді", - деді Тоғжанов.

Оның сөзінше, екі аптадан кейін елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай өзгермесе, одан да қатаң карантин енгізілуі әбден мүмкін. 

"Біз алдын ала ескерттік. Егер қатаң шараларды енгізу керек болса, екі апталық карантиннен кейін біз одан да қатты шараларға баруымыз мүмкін", - деді премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов

Тағы да оқыңыздар

Он төрт күн карантин: Қазақстандықтарға 42 500 теңге тағы төлене ме

Айта кетейік, бұған дейін эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілгенін жазған болатынбыз.

Шектеу шаралары кейін 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін. Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандағы карантин режимі қандай жағдайда қатаңдайды