Выйти
RU

Елімізде соңғы тәулікте коронавирустан 10 және пневмониядан 20 адам көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда соңғы тәулік ішінде коронавирус инфекциясынан – 10, ал пневмониядан 20 науқас көз жұмды. Бұл туралы онлайн-брифинг барсында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Қазір біз ауру белгілері бар және ауру белгілері жоқ пациенттердің біріккен статистикасын жүргізуге көштік. Бұл елдегі жағдайды толық түсіну үшін қажет.

Соңғы тәулік ішінде 1247 адамнан пневмония анықталды, біз оларға мониторинг жүргізіп, сәйкес терапиямен қамтамасыз етіп отырмыз.

Қазір статистикалық көрсеткіштерді апталық форматта беруді жоспарлап отырмыз. Яғни, бір апта ішінде вирус жұқтырған науқастар саны ресми ресурстарда жарияланады. Оған қоса біз күнделікті көрсеткіштерді де бақылап отырмамыз. Бұл ақпараттарды біріктіріп, апта сайын мәлімет ұсынатын боламыз", – деді министр.

Тағы да оқыңыздар

Тоқаев: Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы жоспар ұсынды

Еске сала кетейік, премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды.

Соған сәйкес, Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілетіні белгілі болды.

Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шараларын енгізу бойынша ұсынылатын шаралар туралы денсаулық сақтау министрі баяндады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде соңғы тәулікте коронавирустан 10 және пневмониядан 20 адам көз жұмды