Выйти
RU

Маминнің орынбасары қиын жағдайды сауда-саттыққа айналдырғандарды сынады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жаппай дәрі-дәрмек сатып алып жатқан қазақстандықтарға үндеу жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі: Depositphotos

Бұл мәселені Тоғжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында көтерді.

"Кеше ғана 70 мыңға жуық дәрі дәрмекті жарты сағаттың ішінде сатып алып кетті. Осындай жағдайлар кездеседі. Сол себепті құқық қорғау органдарына арнайы тапсырма берілді. Өмір болған соң, әртүрлі жағдай болады. Қиын жағдайды сауда-саттыққа айналдыратындар да жоқ емес. Сол себепті бұндай жағдайларға куә болсаңыз, тез арада хабар беруді өтінеміз", - деді ол.

Вице-премьер интернеттен түрлі емдеу жолдарын оқып, дәрі сатып алып жатқан азаматтар көбейгенін атап өтті. 

Тоғжанов нақты диагноз қойылмай, бет алды ем қабылдамауға шақырды. Тиісті ем жолын тек дәрігер ғана анықтайды. 

Тағы да оқыңыздар

"Той жасайды": Тоғжанов елде вирустың кең таралуына не себеп болғанын айтты

Айта кетейік, бұған дейін эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілгенін жазған болатынбыз.

Шектеу шаралары кейін 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін. Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Маминнің орынбасары қиын жағдайды сауда-саттыққа айналдырғандарды сынады