Выйти
RU

Қасым-Жомарт Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Ресей Федерациясының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыхалықтық дауыс берудің нәтижелі өтуімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Мемлекет басшысы Ресейдің жаңа тарихындағы бұл маңызды оқиға елді одан әрі дамытудың жаңа кезеңіне жол ашып, ұзақ мерзімді даму стратегиясын жүзеге асырудың, мемлекеттілікті, егемендікті және экономикалық өсімді қорғаудың берік негізін қалағанын айтты.

Сондай-ақ халықтың Ресей көшбасшысына жоғары деңгейде қолдау көрсеткенін атап өтті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте елімізге гуманитарлық көмек көрсету мақсатымен дер кезінде шешім қабылдағаны үшін ризашылық білдірді.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссияға наурыз-мамыр айларындағыдай қатаң карантин режимін енгізу мәселесі бойынша ұсынысты әзірлеуді тапсырған болатын.

Ал кеше перзидент үкіметтің елде 14 күнге карантин жариялау жоспарын ұсынғанын мәлім етті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қасым-Жомарт Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті