RU

5 шілдеде карантин басталады: Алексей Цой қазақстандықтарға үндеу жасады

Денсаулық сақтау министрі орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифинг барысында қазақстандықтардың 5 шілдеден бастап күшіне енетін қатаң карантин шараларына түсіністікпен қарайтындарына үміттенетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алексей Цой. Фото: primeminister.kz
Алексей Цой. Фото: primeminister.kz: Depositphotos
"Бірлескен күш-жігер мен халықтың және бизнес өкілдерінің түсіністігінің арқасында коронавирус індетінің қарқынды өсімін тоқтатамыз деген үміттеміз", – деді министр.

Денсаулық сақтау ведомствосының атынан ол күнделікті байланысқа шығып тұруға уәде берді – министрлік қызметкерлері мен ведомство басшысының өзі тікелей эфир, брифинг және әлеуметтік желілердегі посттар арқылы халықты ақпараттандырып отырады.

"Біз ешқашан күрделі мәселелерден қашқан емеспіз – барлығын айтып беруге дайынбыз. Мені жеке танитындардың барлығы мұны біледі", – деді Цой.

Ол сондай-ақ қазақстандықтарды жаңа карантин ережелерінен бөлек, маска тағып, арақашықтық сақтауға шақырды.

Еске сала кетейік, премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды.

Соған сәйкес, Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілетіні белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1863190-5-sildede-karantin-bastalady-aleksej-coj-kazakstandyktarga-ndeu-zasady.html