RU

"Ұшақпен белгісіз зат шашады": Министр желіде тараған ақпаратқа пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әлеуметтік желі мен мессенджерлердегі "ұшақпен белгісіз зат шашады" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: iStock
Фото: iStock: Instagram

Бұл сауалға Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында жауап қатты.

"Бұл ақпарат жалған. Құрметті отандастар, сіздерді жалған ақпаратқа сенбеуге шақырамыз. Барлық шынайы ақпаратты денсаулық министрлігінің ресми сайтынан және әлеуметтік желілердегі парақшалардан ала аласыздар. Біздің тарапымыздан ешқандай себу жұмыстары жүргізілген жоқ", - деді денсаулық сақтау министрі.

Кеше, 1 шілде күні ауаға вирус себеді деген жалған ақпаратты таратқан Түркістан облысының тұрғыны анықталған болатын.  Әйел өзіне хабарлама мессенджердегі басқа топтардан келгенін айтты. Ол ақпараттың жалған екенін білмегенін және бұдан кейін мұндай жалған мәлімет таратпайтынын жеткізді.

Еске сала кетейік, премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды.

Соған сәйкес, Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілетіні белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1863196-sakpen-belgisiz-zat-sasady-ministr-zelide-taragan-akparatka-pikir-bildirdi.html