RU

Қазақстанда науқастарды ауруханаға жатқызудың жаңа тәртібі енгізіледі

Денсаулық сақтау министрі орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифинг барсында коронавирусқа шалдыққандарды стационарларға жатқызудың жаңа тәртібін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Сондай-ақ ол дерті ауру белгілерінсіз немесе жеңіл түрде өтіп жатқан науқастарға медициналық көмек көрсету үшін жедел бригадалар құрылатынын мәлімдеді.

Алексей Цой қазіргі уақытта стационарға жату үшін компьютерлік томографиядан өту талап етілетінін жеткізді. Бұл процедура өкпе тіндерінің елеулі зақымдануын көрсетуі тиіс.

Алайда, құрылғылардың жетіспеушілігіне байланысты мұндай зерттеу көптеген адам үшін қолжетімсіз болып отыр.

Осы орайда министр атап өткендей, ведомство осы аптаның аяғына дейін коронавирусқа диагностика жасау стандартына өзгерістер енгізеді.

Құжатқа сәйкес, енді науқастарды ауруханаларға жатқызу компьютерлік томография нәтижесімен ғана емес, сандық рентген нәтижесі бойынша да жүргізіледі. Өйткені сандық рентгендердің саны елімізде КТ-дан қарағанда айтарлықтай көп, және олар тек ірі қалаларда ғана емес, сонымен қатар әр аудан орталығында қолжетімді.

Айта кетейік, бұған дейін атыраулықтардың медицина қызметкерлеріне күнделікті түскі ас таратып жатқанын жазғанбыз.

Бүгінде "KomekAtyrau" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырылған акция аясында 650 медицина қызметкеріне ыстық тамақ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1863209-kazakstanda-naukastardy-auruhanaga-zatkyzudy-zaa-trtibi-engiziledi.html