Выйти
RU

"Орташа көрсеткіш - 64 балл": Қазақстанда ҰБТ аяқталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

21 маусым мен 1 шілде аралығында еліміз бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізіліп, өз мәресіне жетті деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Білім және ғылым министрлігі

Фото: Білім және ғылым министрлігі: Instagram

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, биыл тестілеуге қатысуға рекордтық көлемде өтініштер қабылданды:

  • 131 754 өтініш тіркелді, оның 111 113-і, яғни 82 пайызы биылғы мектеп түлектері. Өткен жылы бұл көрсеткіш 12%-ға төмен болған.

2020 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу 161 пунктте жүргізілді. Тестілеудің әділ өткізілу барысын қадағалау мақсатында қалалар мен өңірлерге Білім және ғылым министрлігі тарапынан 1 983 өкіл жіберілді. Сонымен қатар ҰБТ барысын құрамына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік, Үкіметтік емес ұйым, БАҚ, "Адалдық алаңы" жобалық кеңселерінің өкілдері мен  қоғам белсенділері кірген Арнайы мониторингтік топқа мүше 510 адам бақылады.

Тағы да оқыңыздар

Франциядағы қала мэрінің орынбасары болып сайланған қазақ қызы алғаш рет сұқбат берді

Маусым айында өткізілген Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша, тестілеуге тіркелген азаматтардың 92,1%-ы ҰБТ-ға қатысты, 2019 жылы бұл көрсеткіш 94%-ды құраған болатын.
  • Шектік балды жинаған талапкерлер саны 82 154, бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда бір деңгейде қалып отыр.
  • Жалпы республика бойынша орташа көрсеткіш 64,06 балды құрады, жалпы 2019 жылғы орташа көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылық жоқ (65,5 балл).

Биыл алғаш рет электрондық үкімет базасы арқылы Face ID жүйесі пайдаланылды, осыған байланысты ҰБТ тапсыруға басқа адамның кіруі әрекеттерінің саны айтарлықтай төмендеді.

Мәселен, биыл 7 мектеп түлегі өз орнына ҰБТ-ға басқа адамды жібермек болған, өткен жылы мұндай 34 жағдай орын алған еді.

Тағы да оқыңыздар

Карантинмен және карантинсіз: Министр эпиджағдайға қатысты үш сценарий ұсынды

119 тестіленуші денсаулығына байланысты ҰБТ тапсырмады. Олар үшін басқа күндері, 19 шілдеге дейін тестілеу ұйымдастырылатын болады.

Биыл алғаш рет талапкерлер үшін калькуляторларды пайдалануға рұқсат етілді, тестілеу уақыты ұзартылып, түлектер қорытынды мектеп емтихандарынан босатылды.

"ҰБТ жүргізілген әр аудитория арнайы бейнебақылау камераларымен жабдықталған болатын, нәтижесінде 9,5 млн-нан астам адам ҰБТ-ның өткізілу барысын онлайн режимде бақылады. Енді ережеге сәйкес 2020 жылғы 25 тамызға дейін бейнежазбалар жіті тексеріледі. Егер бейнежазбада грант иеленген талапкердің тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, тестіленушінің ҰБТ нәтижесі жойылады", - делінген хабарламада.

Еліміздің барлық ҰБТ өткізу пунктерінде сақтық шаралары қолға алынып, медициналық-санитарлық нормалар қатаң сақталған болатын. Әрбір ҰБТ-ға қатысушы дезинфекциялаудың 5 кезеңінен өтті:

Тағы да оқыңыздар

4,9 млн теңгеге киім алған: шенеуніктер мемлекеттік қаражатты қайда жұмсайды

  • дезинфекциялық өткелдерден өтіп,
  • дезинфекцияланған кілемшеде аяқ киімдерін зарарсыздандырды,
  • дене қызуын өлшеткізіп,
  • қолдарын зарарсыздандыру сұйықтығымен өңдеді және
  • бірнеше медициналық маскалар алды.

Тестілеуге кіргізу және отырғызу кезінде талапкерлер арасында кем дегенде екі метр арақашықтық сақталды. Әрбір аудитория бактерицидтік құралдармен және ауа рециркуляторларымен кезең-кезеңмен желдетіліп, тазаланды. Аудиториялар 35%-ға дейін толтырылды, әрқайсысында тек 10-18 адам отырды. Өткен жылы бір аудиторияда орташа есеппен 50 талапкер болған.

Жалпы, маусым айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу қалыпты режимде өтті.

Естеріңізге сала кетейік, келесі ҰБТ тамыз айында өтеді, оның нәтижесі бойынша талапкер шектік балл жинаса, жоғарғы оқу орнының ақылы бөліміне түсе алады.

Сонымен қатар жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсу үшін қаңтар айындағы ҰБТ сертификаттары да жарамды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Орташа көрсеткіш - 64 балл": Қазақстанда ҰБТ аяқталды