Выйти
RU

Алматы әкімдігі қызметі он төрт күнге тоқтайтын мекемелердің тізімін жасайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев екі аптаға жұмысы тоқтайтын мекемелердің тізімі жасалатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Бұл туралы оңтүстік астана басшысы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі қалалық комиссияның отырысында қосымша шектеу шараларын енгізуге дайындық барысын талқыладық. Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес қызметі екі аптаға тоқтатылатын кәсіпкерлік субъектілердің тізімін анықтаймыз. Ал қызметін жалғастыратын мекемелер үшін санитарлық қауіпсіздік бойынша қатаң ережелер белгіленбек.
Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін алдағы 14 күндік шектеулерді барынша тиімді жүргізу маңызды. Сырқаттану мен ауруханаға жатқызу деңгейінің динамикасына қарай шектеу шараларын ұзарту немесе тоқтату туралы шешім қабылданады. Бұл біздің әрқайсымызға байланысты", - деді ол.

Еске сала кетейік, премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды.

Соған сәйкес, Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілетіні белгілі болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы әкімдігі қызметі он төрт күнге тоқтайтын мекемелердің тізімін жасайды