Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауруханада көз жұмды": Алматы облысында ер адам 77 жастағы әжейді өлімші етіп сабаған

Опубликовано:

Алматы облысы Жаркент қаласында қырықтан асқан ер адам 77 жастағы әжейді өлімші етіп сабаған. Алған жарақаты салдарынан егде жастағы әйел медициналық мекемеде көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Өткен түнде қарияның үйіне белгісіз біреу басып кіріп, оны соққыға жыққаны белгілі болды.

Дене жарақатын алған әжейді Жаркент қалалық ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер жәбірленушіні құтқара алған жоқ.

"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдікті ретінде 46 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Жаркент қаласының азаматы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деді Алматы облыстық полиция департаменті.

Аталған оқиға қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүріп жатыр жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Шымкент қаласында әлдекімдер көшеде кетіп бара жатқан әйелді ұрып соғып, зорлап кеткенін жазған болатызбыз.

Келіншекке жәбір көрсеткендер тіпті оның басына "целофан" пакет кигізіп, тұншықтырып өлтіруге әрекет жасаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1863219-auruhanada-kz-zmdy-almaty-oblysynda-er-adam-77-zastagy-zejdi-limsi-etip-sabagan/

pixel