Выйти
RU

Найзағай, жел, бұршақ: Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн райы бұзылады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Найзағай, жел, бұршақ: Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн райы бұзылады

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Синоптитердің болжамынша, 3 шілде күні еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, солтүстікте, солтүстік-шығыста және орталықта күшті жел тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.

Республиканың тек батысы, оңтүстік-батысында ғана күн ашық болады. Кей жерлерде жел күшейіп, солүстік-батыста түнде және таң ата тұман түседі деп күтілуде.

Ақмола облысының бірқатар аумағында жел күшейіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, бұршақ жаууы ықтимал. Қостанай облысында түнде және таң ата тұман түсіп, күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жауады. Павлодар облысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқып, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Тағы да оқыңыздар

Жамбыл облысындағы бекетте жанармайы бар вагон өртеніп кетті (фото, видео)

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жел күшейіп, бұршақ жауады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 метрге жетеді.

Жамбыл, Түркістан, Алматы, Қызылорда облыстарында да жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді деп болжанды.

Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін, түнде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Ал Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстік бөлігінде, Атырау облысының батысында ерекше өрт қауіпі сақталады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Найзағай, жел, бұршақ: Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн райы бұзылады