Выйти
RU

"Жалғыз жатқан біртүрлі": Жұлдыз Өмірғали Айқынды сағынып жүргенін айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"КешYOU" тобында өнер көрсеткен Жұлдыз Өмірғали жолдасы Айқын Төлепбергенсіз өмір сүрген қандай екенін айтып берді. Екі баланың анасы отағасын қатты сағынып, оның үйге оралуын тағатсыздана күтіп жүргенін айтты. Белгілі болғандай, өнер иесінен коронавирус инфекциясы табылып, кейіннен ол ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official.

Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official.

Жұлдыз Өмірғали Айқынсыз төсекте жалғыз жататынына да үйренісе алмай жүргенін жасырмады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде айтты.

"Айқын ағаны қатты сағындым. Кеше бір рет жылап та алдым. Ешкімге тілемеймін жалғызсырауды" , - деді ол.

Әнші ару өзіне қойылған сұрақтардың біріне жауап беремін деп желіде қызу талқыға қалды. Көпшілік оның аңдамай сөйлегенне қатысты сынға толы пікірлерді жаудырған.

Тағы да оқыңыздар

"Соңымнан қалар емес": Ару әпкесінің сүйіктісі жайлы сырын ақтарды

"Бірінші әйелі қалай жатыр екен?" , "Тілемек түгіл, жалғыз қалдырдың ғой" , "Біреудің күйеуін тартып алып тұрған қыздың әңгімесі" , "Сен негізі жақсы адамсың. Бірақ біреудің отбасын шайқалтқаның дұрыс болмады" , "Жалғыздыққа үйрене бер. Жақында үшінші әйел алып қалар" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, Айқын Төлепбергенннен өткен аптада коронавирус анықталып, оны дереу ауруханаға жатқызды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Жалғыз жатқан біртүрлі": Жұлдыз Өмірғали Айқынды сағынып жүргенін айтты