RU

Балқашта жүкті әйелді бұрынғы күйеуі аяусыз ұрып-соғып, басын жарған (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жүктілігінің бесінші айында болған Балқаш тұрғынын бұрынғы күйеуі ұрып-соққан. Бұл жағдайға қатысты қалалық полиция бөлімі пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

оооооооооо

Фото: instagram.com/skandal_krg: UGC

Әйел кезекті мәрте соққының астында қалған сәтін видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіде көпшіліктің назарына ұсынған.

Бейнежазбаға қарағанда ұялы телефон төсекте жатқан және төменнен жоғары қарай түсіріпті.

Қып-қызыл қанға боялған әйеліне таяқ сілтеген ер адам кадрға түсіп қалған екен. Әйелдің басы жараланып, сол жерден қан сорғалай аққан.
Сондай-ақ, келіншек бұрынғы күйеуі жұлып алған шаштың бөлігін суретке түсіріп алыпты.

Зардап шеккен әйел 8 жыл бойы тұрмыста болғанын, бірақ бала көтере алмағанын айтты. Осы жылдар бойы күйеуі оны көк-ала қойдай етіп сабап тұрған.

Тағы да оқыңыздар

"Екі сағат далада жатты": Зейнеттегі полковник екпе салдырған соң көз жұмды

Алайда жақында жұбайымен ажырасыпты. Күйеуі оны соңғы рет 14 маусымда соққының астына алған. Ер адам бұрынғы әйелінің жаңа үйінің сыртқы есігін бұзып кірген, себебі әйел оны кіргізбеген екен. Үйге кірген ол әйелді аяусыз ұрып, кетіп қалған.

"Қазір мен жүктіліктің 18 аптасында жүрмін. Ұрып-соғу салдарынан баламды жоғалтып аламын ба деп қорқамын. Полиция еш әрекет етпейді. Мен оларға қоңырау шалдым, бірақ олар ешқандай шара қолданбайды",– дейді Сәуле.

Полиция бұл видеоға қатысты түсініктеме берді. Балқаш қалалық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Қайырбек Рахымбековтің айтуынша, полиция тарапынан ешқандай әрекетсіздік болмаған, себебі тәртіп сақшыларына ешқандай арыз-шағым түспеген екен.

"Әлеуметтік желідегі жарияланымның негізінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1 бабы бойынша (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) әкімшілік іс қозғалды. Учаскелік инспектор сот-медициналық сараптама тағайындады. Сарапшылардың тұжырымы дайын болғаннан кейін бұрынғы күйеуіне қатысты іс сотқа жіберіледі", – деді Қайырбек Рахымбеков.

Тағы да оқыңыздар

"Анасына көмек керек": Салмағы 350 келі болған қарағандылық азамат қайтыс болды

Еске сала кетсек, әйелінің мойнына көлік дөңгелегі мен кірпіш іліп азаптаған азамат жеңіл жаза алды. Қырғызстанда Жалал-Абад облысы Созақ ауданының соты әйелін жәбірлеген ер адамға екі жыл шартты жаза беріп, оны сот залынан босатты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Балқашта жүкті әйелді бұрынғы күйеуі аяусыз ұрып-соғып, басын жарған (видео)