RU

Діни басқарма Құрбан айтқа байланысты мәлімдеме жасады

Telegram logo VKontakte logo

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы карантин жағдайында Құрбан айтты атап өту тәртібін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Бұл сауалға басқарма төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында жауап қатты.

Оның сөзінше, екі апталық карантин шаралары ұзартылса, мешіттерде айт намазы оқылмайды. Биыл Құрбан айт 31 шілдеге, яғни жұма күнге түсіп тұр.

"Естеріңізде болса, өткен Ораза айт кезінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы нақты шаралар қабылдап, Ораза айт намазы оқылмаған. Осы жолы карантин созылатын болса, өкінішке қарай, біз айт намазын мешіттерде оқи алмаймыз", - деді Оңғаров.

Наиб мүфти құрбандық малын қашықтан да шалуға болатынын жеткізді.

"Тапсырыс беру арқылы орындаса да болады. Біз осыған жағдай жасауға тырысамыз. Әрине, ол жерде әкімдіктің тарапынан да реттеу жұмыстары болады. Ал құрбандық шалудың уақытына келетін болсақ, биыл 31-не болжанып отыр. Сол күні таңнан үш күн бойы күн батқа дейін шалуға болады", - деп түсіндірді басқарма төрағасының орынбасары.

Тағы да оқыңыздар

Карантин: Жаназа намазы мен Құдайы ас кезінде қандай талаптар сақталу керек

Сөз арасында наиб мүфти құрбандық шалу тек жағдайы бар адамға ғана міндет екенін еске салды.

Еске сала кетейік, премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды.

Соған сәйкес, Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілетіні белгілі болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Діни басқарма Құрбан айтқа байланысты мәлімдеме жасады