RU

"Мыңдаған адам жиналды": ҚМДБ Смановтың жаназасына қатысты пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Кешеден бері әлеуметтік желіде бірнеше мың адам жиналған жаназа туралы видео тарады. Оқырмандардың сөзінше, көп халық Абдуғаппар Смановты ақтық сапарға шығарып салу үшін жиналған екен. Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Еуразия бірінші арнасы

Фото: Еуразия бірінші арнасы: Depositphotos

"Иә, өкінішке қарай ондай жағдай болды. Індет кезінде діни рәсімді өткізуге байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 18 маусымда нұсқаулық жариялаған болатын. Ал 1 шілде күні Сарыағаш ауданында болған жағдай марқұм Әбіғаппар Сманов мырзаның халық арасындағы беделіне, жақсы көретін шәкірттерінің көптігіне байланысты болған.

Жаназадан бұрын, марқұм қайтыс болған күні Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді ҚМДБ нұсқаулығы шыққанын, санитарлық нормаларды сақтау керектігін және жаназа намазы барлық адамға бірдей парыз еместігін айтып, видеомәлімдеме жасаған еді. Алайда, жаназаға сол ауылдың, көршілес ауылдың азаматтарының келіп қатысқаны белгілі болды", - деді ол.

Тағы да оқыңыздар

"Айтарым бар": Дене қызуымен қыз ұзатпақ болған ару желіде ақталды (видео)

Ал бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шығарып жатқан пәтуалар қасиетті Құранға, пайғамбар сүннетіне және біздің ата-баба дәстүрімізге сүйене отырып жасалатынын білдірді

"Шыққан пәтуа ханға да, қараға да бірдей. Мұны барлығымыз орындауымыз керек. Әрине, біздің жақсы кісілеріміз, жақындарымыз болады. Бірақ, пәтуа бұдан жоғары. Пәтуаға бағыну шарт. Ал жаназа намазы - кифая. Яғни, бірнеше адамның орындауымен қалған халықтың мойынынан түсетін құлшылық.

Қазіргі жағдайда, індет жаппай тарап жатқан кезде біз адам өміріне қауіп төндірмеуді ойлауымыз керек. Ол жерге бір ауырған адам барып, сізге жұқса, сіз індетті отбасыңызға алып келсеңіз, онда біз үлкен күнә жасаған боламыз. Алла сақтасын. Алдағы уақытта құрметті жамағат ҚМДБ пәтуасына бағынып, осы пәтуаларды, мәлімдемені сақтауға шақырамыз", - деді Наурызбай қажы.

Тағы да оқыңыздар

Діни басқарма Құрбан айтқа байланысты мәлімдеме жасады

Еске сала кетсек, осыған дейін Сарыағаш медресе колледжінің директоры, ұстаз Абдуғаппар Смановтың өмірден өткенін жазған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Мыңдаған адам жиналды": ҚМДБ Смановтың жаназасына қатысты пікір білдірді