RU

Қазақстанда коронавирус індеті 18 дәрігердің өмірін қиды

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде 18 медицина қызметкері коронавирустан көз жұмғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Бұл туралы Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Оның сөзінше, ауырып қалған дәрігерлердің 492-де пневмония байқалса, 511-і емін жалғастырып жатыр.

"18 медицина қызметкері қайтыс болды. Олардың арасындағы өлім жағдайларының бәрі коронавирус жұқтырған науқастарға көмек көрсетумен байланысты емес", - деді Есмағамбетова.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қазір індетке шалдыққан науқастардың жалпы санының 11,5%-і – медицина қызметкерлері екенін жасырмады.

Соңғы деректер бойынша Қазақстанда қауіпті дертті жұқтырғандар саны 44 мыңнан асты. Оның ішінде 14777 пациент емделіп шықса, 188 адам қайтыс болды.

Еске сала кетейік, премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды.

Соған сәйкес, Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілетіні белгілі болды.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1863294-elimizde-koronavirustan-18-driger-kajtys-boldy.html