RU

"Денсаулығы жақсарды": Елжан Біртанов ауруханадан шықты

Денсаулық сақтау вице-министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында экс-министр Елжан Біртановтың жағдайы туралы айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Елжан Біртанов. Фото: primeminister.kz
Елжан Біртанов. Фото: primeminister.kz: UGC

Ажар Ғиният бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың денсаулығы айтарлықтай жақсарғанын хабарлады. Ол жазыла бастаған соң, оны инфекциялық ауруханадан үйіне шығару шешімі қабылданған. Сол себепті, шененунік бүгінде жергіілікті амбулаторлы поликлиниканың терапевт дәрігерінің жіті бақылауында.

Вице-министрдің мәліметінше, бүгінде жалпы алғанда 8,5 мың адам әлі де стационарлық ауруханаларда ем қабылдап жатыр. Олардың 266 балалар болып шықты.

Жансақтау мен интенсивті терапия бөлімінде тағы 256 науқас жатыр. Олардың ішіндегі 217 адамның жағдайы ауыр болып саналса, 39 азаматтар тіпті аса ауыр жағдайда жатыр.

Еске сала кетейік, Елжан Біртановтың коронавирус инфекциясын жұқтырып алған туралы 14 маусымда белгілі болды. Бұл хабарды экс-министрдің өзі әлеуметті желідегі парақгасы арқылы жеткізді.

Оған қоса, 25 маусым Біртанов ресми түрде денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Кейіннен шенеунік лауазымды орнын не себепті кеткенін анық-қанығын ашып айты, Біртанов жұмысынан босатуды мемлекет басшысынан өзі сұрағанын, денсаулығына байланысты қосымша ем алу қажет екенін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1863297-densaulygy-zaksardy-elzan-birtanov-auruhanadan-sykty.html