Выйти
RU

"Қарбызды қабығымен жегізді": Балаларды жазалаған ер адам жұрттың ашуына тиді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде ер адамның екі кішкентай баланы піспеген қарбызды қабығымен жеуге мәжбүрлегені анық көрінген видео таралды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қарбызды қабығымен жегізді": балалардың қатал жазасы қазақстандықтарды ашуландырды

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл қолданушылардың наразылығын туғызды. Еуразия бірінші арнасының хабарлауынша, бұл оқиға Түркістан облысында орын алған болуы мүмкін.

"Қабығын же!" – дейді қарбыздың "жасылын" жеуге мәжбүрлеген кадр сыртындағы ер адам.

Ол сондай-ақ балалардың бірінен кімнің баласы екенін сұрайды.

Басылымның хабарлауынша, ұлдар қарбызды бөтен біреудің егістігінен ұрламақ болған, сол сәтте оларды егіс қожайыны ұстап алған.

Бейнеге аймақ полициясы түсініктеме берді. Тәртіп сақшылары бұл оқиғаға байланысты ата-аналардың ешқайсысы құқық қорғау органдарына арызданбағанын хабарлады.

Еске сала кетсек, түркістандық 14 жастағы мектеп оқушысы өгей әкесі оны үш жыл бойы зорлағанын мәлімдеді. Бұл жағдай 2016 жылы, қыз 6-cыныпта оқып жүрген кезде басталған екен. Полиция қазір қылмыстық істі тергеу үстінде.

Жеті жасында туыстарының балалары зорлаған ару жан сырын ақтарды. 20 жастағы бойжеткеннің айтуынша, 8-9 ұл қираған моншаға апарып, жаман видеодан көргендерін істепті. Жантүршігерлік жайттан кейін ол адамдарға сенуден қалған. Тіпті, қазір ауылы мен туыстарын көргісі келмейді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Қарбызды қабығымен жегізді": Балаларды жазалаған ер адам жұрттың ашуына тиді