Выйти
RU

"Уақыт пен паника": Асхат Садырбай коронавирус жұқтырғандарға кеңес берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Белгілі журналист Асхат Садырбай коронавирус жұқтырған адамдарға кеңес берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Уақыт пен паника": Асхат Садырбай коронавирус жұқтырған адамдарға кеңес берді

Фото: Ernur.kz

Бұл жайында журналист өз Facebook парақшасында жазды.

"Ең басты 2 ереже! Уақыт пен паника...

1. Көп адам уақыт жоғалтып алып жатыр. Есіңізде болсын, қазір уақыт жоғалтпай тез қимылдау, бірден емделуге әрекет жасау керек. Күттірудің қажеті жоқ. Жәй тұмау ғой, суық тиген шығар деп өзіңізді өзіңіз алдамаңыз. Бұл вирустан қашып құтылу мүмкін емес. Өлгіңіз келмесе емделуге асығыңыз. Түсінемін, дәрі жоқ, ауруханалар тола. Барлық амалды қарастырыңыз.

2. Паникаға берілмеңіз. Вирус жұқтырсаңыз, өлдіңіз деген сөз емес. Бұл вирустан жазылып кетіп жатқандар көп. Дер кезінде ем шараларын дұрыс істеп, өзіңізді түтіп жемей жігерлендіріп, қамшылаңыз. Негатив ақпараттар мен пессимистік ойларды ойламаңыз. Мүмкіндік болса, әлеуметтік желіге мүлдем кірмеңіз. Бір Алладан шипа сұраңыз. Жақсы боларына, жазылатыныңызға сеніңіз!

Тағы да оқыңыздар

Дене қызуы көтерілсе де қыз ұзатпақ болған ару елдің қаһарына ұшырады (фото)

Төрт көзіміз түгел аман болайықшы.
Көрші үйдің алдына жедел жәрдем келіп тұр. Көк-қызыл жарығы жарқырап терезеге түсті. Содан оянып кетіп жазғаным ғой. Кім болса да аман болсыншы", -деп жазды ол.

Айта кетейік, осыған дейін танымал журналист Айдос Жұқанұлы екіжақты пневмонияға шалдыққан анасына қандай шектеу қойғанын айтқан еді. Ол жақындарына той-томалаққа баруға тыйым салған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Уақыт пен паника": Асхат Садырбай коронавирус жұқтырғандарға кеңес берді