Выйти
RU

COVID-19: Қауіпті дертке шалдыққан шенеуніктер қалай емделіп жатыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

ОКҚ-де өткен онлайн брифинг кезінде денсаулық сақтау вице министріне ауруханада жатқан шенеуніктерді коронавиурстан емдеу кезінде қандай да бір артықшылықтар бар ма деген сауал қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирус жұқтырған шенеуніктер қалай емделіп жатыр

Көрнекі фото: pixabay.com

Министрдің орынбасары Ажар Ғиният саяси, әкімдік және мемқызметкерлер аурудың асқынуына байланысты ем қабылдайтынын, олар үшін ауруханаға жатқызудың арнайы ережесі жоқ екенін алға тартты.

Протоколға байланысты, коронавирустың жеңіл және орташа түрімен ауырған науқастар үйде емделеді, ал ауыр халде жатқандар ауруханаға жеткізіледі. Бұл ереже барлық қазақстандықтарға қатысты.

Ғиният ведомстволық ауруханалардың коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге еш қақысы жоқ екенін алға тартты.

Сол себепті шенеуніктерді жеке медициналық мекемелерде емдеу мүмкін емес болып табылады.

Тағы да оқыңыздар

"Денсаулығы жақсарды": Елжан Біртанов ауруханадан шықты

"Мемлекеттік қызметшілерді емдеу жалпы негізде өтеді", - деп мәлімдеді вице-министр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ажар Ғиният бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың денсаулығы айтарлықтай жақсарғанын хабарлады. Ол жазыла бастаған соң, оны инфекциялық ауруханадан үйіне шығару шешімі қабылданған.

Айта кетейік, Елжан Біртановтың коронавирус инфекциясын жұқтырып алған туралы 14 маусымда белгілі болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
COVID-19: Қауіпті дертке шалдыққан шенеуніктер қалай емделіп жатыр